Афиша кино в Таразе
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Идальго

Идальго Сайлаубай Жұбатыровтың трагикомедия жанрында жазған алғашқы пьесасы. Пьесада Сервантестің «Дон Кихот» романының елестері байқалады. Пьесаның басты кейіпкері Қиянхан әділдік, ақиқат, адамгершілік қағидатын берік ұстап, өмірде өтірікпен, жалғандықпен, көзбояушылықпен күресуші тұлға есебінде көрінеді.

Ол өмірдің мәні, байлықтың, барлықтың, бақыттың түп тамыры туралы сұрақтарға жауап іздеп белгілі байға, қоғамда беделді қайраткерге, ибалы арулар мекемесіне соғып, олармен тілдеседі, айтысады, сөз таластырады. Көп шындықтың ішінен ақиқаттың ақ адалдығын табуға ұмтылады. Айтыстан жеңіліп, біреудің әйеліне араша болам деп таяқ жеп тауы шағылады. Бірақ өз ойынан – әділдік, адалдық, ақиқат жолынан қайтары жоқ.

Күн астында көңіл неден тоңады,

Бір көзіңді екінші көз бағады.

Бұл қоғамды тазартатын қоқыстан

Арамызда Дон Кихоттар бар әлі.