Афиша кино Кызылорда

Sary Алматы қаласында

«Sary» тобы - Q-Rock жанрында ән орындайтын астаналық жас және өршіл топ.

Балалар өздерінің Qupia хитімен танымал, ал соңғы Moon Tamyz және Sheksiz Em тректері Yandex Music алаңдарында және ВКонтакте ресми плейлистерінде белсенді түрде топ жарып келеді. Сондай-ақ, ұжым Қазақстан бойынша белсенді түрде концерттер беріп, осы жылдың қаңтар айында Өзбекстан астанасы Ташкентте де болды.

Ал ақпан айында Алматының сахна төрінде Arshat, Jeltoksan, Kezen, Aro, Soulbirkez және Yenlik сияқты әртістермен өнерлерін жаудырды. Концертте танымал әндер, сондай-ақ, шығарылымын жанкүйерлер көптен күткен туындылар орындалмақ. Бірінші болып тыңдау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!