«Неге ?»

Б.Айдарбековтың шығарма желісінде діни экстремизмнің құрбанына айнала жаздаған қыздың әрекеті. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, әкесінен айырылған Нұргүл есімді қыздың тағдырын жаман ниетті адамдар ойыншық етеді. «Үйіңді сат» деп мазасын алған олар мемлекеттік сынақтан құлатып, аурушаң анасының көзін құртпақ болып, махаббаты Мұрат екеуінің арасына от салады. Бетін тұмшалап, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен хиджаптағы Жаңылдың құйтырқы әрекетін Мұрат байқап қалып, КНБ қызметкерлерінің көмегімен әшкерелейді.