Қыз Жібек. Премьера!

Тудырғың келсе жаңаны...

Өткенге бір сәт қарағын.

Жол сал бастауға...

Көз сал «бастауға»

Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,
Қош енді, қош болындар, гәкку-наздар!

Кеудемде күніренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.

Аққулар, кешіріндер, жазықтымын!
Қараймын керуеніне қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім!

Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,
Таба алмай қалды менін тағат жаным.

Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,
Үзілген жанарымды сабақтадым.

Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,
Сұлулар, жатыр сені қимай далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым,
Адам боп өзіме-өзім сыймай барам.

(с) Мұқағали Мақатаев.

Қазақстанда опера жанры XX ғасырдың 30 жылдары туды. 1934 жылы  казақтың тұңғыш операсы "Қыз Жібек" драмалық опера түрінде сахналанды. Ғасырға жуық уақыттан кейін ұлтымыздың інжу-маржаны «Қыз-Жібек» операсын көрермен назарына драмалық опера жанрында қайта ұсынбақпыз. Жаңаны тудырғың келсе, өткенге қайта орал. Бәрі басталған нүктеге...