ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Турандот

Турандот

Сипаттама

Джакомо Пуччини
«Турандот»
3 бөлімді опера

Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Опера либреттосының негізінде ХІІ ғасырдағы парсы поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жинағына енген поэмасы жатыр, оны бұл топтамадан итальяндық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Либретто авторлары Джузеппе Адами мен Ренато Симони.
Оқиғалар желісі шытырманға толы: айла-шарғысы мол Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырып, жауабын тапқан жанға жар болуға уәде береді, ал жеңіліс тапқанға бір ғана жұбаныш өлім болмақ. Калаф ханзада қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буады...
Жетекші еуропалық сахналар мен туған Италия театрларындағы 22 жылдық еңбек жолында қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші, жарық бойынша суретші және өзге де театралдық мамандықтарды жетік меңгерген режиссер Давиде Ливермор шым-шытырманның түйінін шешеді. Ол атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған.


«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ, МИМАНСЫ, ОРКЕСТРІ


ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы дирижер Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қоюшы режиссер Давиде Ливермор
Қоюшы суретшілер Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жарық бойынша суретші Винченцо Рапони
Проекциялар бойынша дизайнер Карло Каморали («D-wok» компаниясы)
Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин
Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов
Балалар хорының жетекшісі Алтынғаным Ахметова
Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре
Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады


«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Қонаев к-сі, 1, Astana Opera

  • Ұзақтығы

    2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

  • Өтетін күні

    15-16 шілде, 2024

  • Тіл

    итальян тілінде орындалады (қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды кредиттермен сүйемелденеді)

  • Қосымша

    "Астана Опера" МБҚ-да сатып алынған билеттер спектакльдердің күші жойылған немесе ауыстырылған жағдайда ғана айырбастауға және қайтаруға жатады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және айырбастау жүргізілмейді.Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 15
    Маусым
    Сенб
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000
  • 16
    Маусым
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000